Алматыда "Таза ауа" акциясы өтті

1578

Акция аясында 189 автокөлік тоқтатылып, олардың 47-іне әкімшілік шара қолданылды.

Алматыда "Таза ауа" акциясы өтті

Алматыда "Таза ауа" акциясы қолға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2018 жылдың қортындысы бойынша ауаны ластаушы заттардың көлемі 124 мың тоннаға жеткен. Бұлардың негізгі бөлігі автокөліктен шығатын улы заттарға тиесілі екен. Қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатында ұйымдастырылған акцияда жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, экологиялық заңды өрескел бұзғандардың бірқатары әкімшілік жауапқа тартылды.

"Полиция қызметкерлерімен заң бұзушыларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 334 -бабының 1,2 тармақтарына сәйкес тиісті әкімшілік жазалар қолданылды", – деді қалалық экология департаментінің  бөлім басшысы Марат Сақтағанов.

Көліктен зиянды заттардың ауаға таралуының негізгі себебі жанармайдың толық және біркелкі жанбауында дейді экологтар. Бұл мәселеге көлік жүргізушілері де түсіністікпен қарады, алдағы уақытта түтіндеген көлігін ауыстырмақ.

Десек те, экологиялық ахуалды жақсарту үшін, мұның өзі жеткіліксіз. Сондықтан Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен тролейбус желісін жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Одан бөлек, "Сарыарқа" және "Достық" метро стансаларының құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Екі бекет іске қосылса күніне 86 мың адам қатынайды деп болжанып отыр.

Таза ауа акция аясында 189 автокөлік тоқтатылып, олардың 47-іне әкімшілік шара қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу