Алматыда әйгілі Тәжікстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

202

Қыркүйектің үшінші онкүндігінде Алматы қаласында Хатлон облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Алматыда әйгілі Тәжікстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді Фото: khovar.tj

Іс-шара Қазақстан Республикасының өтініші бойынша және Тәжікстан Республикасының Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы, Душанбе қаласының басшысы Рустами Эмомалидің тапсырмасымен өткізіледі.

Жәрмеңкеде Хатлон облысының жаңа піскен жемістері, кептірілген өнімдері, көкөністері, қарбыз-қауыны және өзге де табиғи өнімдері ұсынылады. Сондай-ақ консерві зауыттары мен ұлттық тәттілер (қант, науат, халва, күлше) өндірушілері өз тауарларын көпшілік назарына ұсынады.

Айта кетейік, биылғы 16-17 тамызда Астанада Тәжікстан ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, халық қолөнері мен ұлттық тағамдарының көрмесі өткен болатын. Оған Соғды облысының шаруа қожалықтары, қолөнершілері мен кәсіпорындары 1000 тоннадан астам өнім әкелген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу