Алматыда тәжікстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

448

Жәрмеңке 20-21 қыркүйекте Алатау ауданында өтеді.

Алматыда тәжікстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді Фото: vecher.kz

Жәрмеңке Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда байланыстарын дамытуға, фермерлерді қолдауға және тұрғындарды жаңа өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

40 фермер 200 тоннадан астам мынадай жаңа өнім әкеледі:

  • маусымдық жемістер мен көкөністер;
  • табиғи кептірілген жемістер;
  • шығыс тәттілері.

Барлығын өндірушілерден тікелей қолжетімді бағамен сатып алуға болады.

"Жәрмеңкенің өтетін орны: "Алатау" театрының алдындағы тұрақ (Момышұлы – Универсиадная көшелерінің қиылысы)", – деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу