Алматыда тегін асхана ашылды

1630

"УАҚЫП" асханасы жыл бойы, аптасына бес күн жұмыс істейді. Мұнда әлеуметтік аз қамтылған 100-120 адамға үш мезгіл тегін тамақ беріледі. 

Алматыда тегін асхана ашылды

Алматы қаласы Орталық мешіті және қолы ашық азаматтардың ұйытқы болуымен "УАҚЫП" асханасы ашылды, деп хабарлайды muftyat.kz.

Негізінен, бұл игі бастаманың мақсаты – мешітке келген жағдайы төмен, жалғызбасты аналар мен жетім-жесірлердің, мүгедектер мен мүсәпірлердің аз да болсын мұңын сейілтіп, мұқтаждығын өтеп, жарқын өмірге үміт сыйлау. 

"УАҚЫП" асханасы жыл бойы, аптасына бес күн жұмыс істейді. Мұнда әлеуметтік аз қамтылған 100-120 адамға үш мезгіл тегін тамақ беріледі. Келген қонақтарға арнаулы бекітілген 7-8 адам әрдайым сапалы қызмет көрсетуге әзір. Сондай-ақ, күніне бір кірген адам қайта кіру мүмкіндігіне ие. Келушілер асханаға Алматы Орталық мешіті жанындағы "Ихлас" қайырымдылық қауымдастығынан алынған арнайы талондары арқылы ғана кіре алады.  

Асхана Сейфуллин даңғылы №330, Радищев көшесінің қиылысындағы мекенжайда ашылды.          

Қосымша ақпарат үшін: тел.: 8 778 100 3939;  8 708 213 7023;  8 775 719 9957        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу