Алматыда тегін мұз айдындары ашылады

1242

Алматыда тегін мұз айдындары ашылады

Алматыда Тұңғыш президенті саябағының алдында 850 шаршы метрлік жаңа мұз айдыны салынуда. Ол алматылықтар мен қала қонақтары үшін тәулік бойы тегін жұмыс істейді, деп хабарлайды 24.kz. 
"Бұл жобаның ұйымдастырушысы Алматы қаласының әкімдігі", – деп xабарлайды ақпараттық және спорттық xаб. 
Қазіргі уақытта мұз айдында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жақында оның салтанатты ашылу рәсімі өтеді. 
Айта кетсек, мұндай алаңдар қарашаның соңына дейін Жібек жолы - Абылай хан, Әл Фараби - Ремизовка, Жандосов - Шаймерденова көшелерінің қиылысында "Март" сауда орталығының жанында және Жетісу ауданы әкімдігінің маңында ашылады. 
Ашық мұз айдынды құру 10 күндей уақытты қажет етеді. Барлық қалаушылардың кез келген уақытта өз конькилерімен келіп, тегін сырғанауға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ 10:00-23:00 уақыт аралығында келушілер үшін тамақтану дүкендері, конькилерді жалға алу орталықтары жұмыс істейді. Олардың бағасы да қолжетімді болады. Басқа мұз айдындармен салыстырғанда, конькиді 2 сағатқа жалға алу 500-600 теңгеден аспайды.  
Мұз айдындар жаппай сырғанауға шорт-трек, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау сияқты қысқы спорт түрлерін қала тұрғындары арасында дамытуға бағытталған. Тегін сырғанау алаңдары қыс мезгілінің соңына дейін жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу