Алматыда тегін мұз айдындары ашылды

579

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін төрт жерде тегін мұз айдыны ашылғанын хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz. 

Алматыда тегін мұз айдындары ашылды Фото: ult.kz

Олардың орналасқан жері бойынша ақпарат жария етілді:

• Тұңғыш Президент саябағының алдында;

• Республика Сарайының алдында;

• Әуезов ауданында Ықылас 8 д мекенжайы бойынша Таугүл ш/а;

• Шұғыла ш/а, 347 мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында.

Келесі аптада Түрксіб ауданы Сейфуллин, 13 мекенжайы бойынша №6 Оқушылар үйінің алдында және Жетісу ауданында "Гүлдер" саябағында мұз айдындары ашылады.

Кіру – тегін, конькиді жалға алу құны (2 сағат) 1000 теңге. Конькимен келгендерге тегін.

Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады.

Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу