Алматыда тегін заң көмегін көрсететін орталық ашылды

1007

Орталықта екі заңгер және бір кеңесші-көмекші мегаполис тұрғындарына тегін кеңес береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының "Еріктілер лигасы" ҚҚ директоры Ақнұр Оспанова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда тегін заң көмегін көрсететін орталық ашылды

Алматыда "Заң консультациялары" жобасы іске қосылды. Соның арқасында барлық тілек білдірушілер мамандардың заң көмегін тегін ала алады. Кеңсе қазан айынан бері жұмыс істеп келеді. Үш айдың ішінде заң көмегі офлайн форматта 553 тұрғынға көрсетілді. 1 102 онлайн-консультация өткізілді.

"Бұл жобаның негізгі мақсаты қиын жағдайға тап болған азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру болып табылады. Біздің заңгерлер қабылдауды тегін жүргізеді. Жоба танымал болған жағдайда мамандар штаты кеңейтіледі", – деді қоғамдық қор төрағасы.

Көпжылдық тәжірибесі бар заңгерлер азаматтар жүгінген кезде ауызша және жазбаша кеңестер беріп қана қоймай, іс материалдарын зерделеуге көмектеседі, соттарда өтініш білдіргендердің мүдделерін білдіреді, талап арыз жазуға жәрдемдеседі және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.

Алматылықтар Торайғыров көшесі, 29 мекен-жайына хабарласа алады. Жоба 2022 жылдың желтоқсанына дейін жалғасады.

"Заңгерлер мен жобаны ұйымдастырушы команданың болашаққа үлкен жоспарлары бар. Мақсаттары – Алматы қаласын ғана емес, бүкіл Қазақстанды қамту", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу