Алматыда техника дүкенін тонағандар Жаркентте ұсталды

1027

Олар 16 телефон, 3 ноутбук, 2 планшет ұрлаған.

Алматыда техника дүкенін тонағандар Жаркентте ұсталды

Жаркентте полиция қызметкерлері Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде техника дүкенін тонаған 2 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұрлық жасаған 2 ер адамды Алматы облысы Панфилов ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұстаған.

Аталған полиция бөлімінің басшысы Жандос Кавлиевтің айтуынша, Жаркентте 2 ер адам түрлі техниканы дүкенде сатып жатқаны туралы хабар түсті.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 23 және 26 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар жауап алу кезінде Алматыдағы тәртіпсіздіктер барысыда "Технодом" дүкенінен ұрланған техникаларды сатқанын айтты", – деді Жандос Кавлиев.

Алдымен жас жігіттер Алматыдағы бұзылған дүкенді көріп, оның ішінде не болып жатқанын көруге шешім қабылдаған. Кейін олар дүкеннен әртүрлі маркалы 16 телефон, 3 Lenovo ноутбугі, 2 планшет, ноутбукке арналған 3 сөмкені ұрлап, көлікке отырып, ізін суытқан.

"Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар қылмыс кезінде отырған автомобиль мамандандырылған көлік тұрағына қойылды. Материалдар Алматы қаласы полиция департаментіне беріледі. Себебі қылмыс сол аумақта жасалған. Бүгінде күдіктілер уақытша ұстау изоляторында отыр", – деді полиция бөлімінің басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу