Алматыда техника қоймасына қарақшылық шабуыл жасалды

740

Үш күдікті қоймада тек күзетші болған кезде әрекет еткен.

Алматыда техника қоймасына қарақшылық шабуыл жасалды

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Олар күзетшіні ұрып-соққан. Қару-жарақпен қоқан-лоққы көрсетіп, компьютерлік техниканы, дәлірек айтсақ, ірі сомадағы видеокарталарды тартып алып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылып, оның құрамына қаланың криминалдық полициясынан жедел уәкілдер кірді. Күдіктілер Шу қаласында ұсталды, олар сол жерден Нұр-Сұлтан қаласына теміржол көлігімен кетпек болған. Олжаның бір бөлігі өздерімен болды, негізгі бөлігі жүк тасымалы арқылы астанаға жөнелтілген. Тауарлар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Процессуалдық әрекеттерден кейін видеокарталар иесіне қайтарылатын болады", – деп жазылған хабарламада.

Бостандық аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласының тумалары. Бұрын олардың бірі осы компанияның клиенті болған және видеокарталардың құны туралы жақсы білген. Күдіктілер қамауға алынды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу