Алматыда техникалық қызмет көрсету орталығы өртенді

672

Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың жанармай құю бекетіне таралуын алдын алды. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Алматыда техникалық қызмет көрсету орталығы өртенді

"2 ақпанда сағат 18:52-де Төтенше жағдайлар департаментiнiң күштерi мен құралдары шақырту бойынша Бостандық ауданы Сәтпаев көшесi 139 мекенжайына жiберiлдi. Өрт сөндipушiлер келгенде Техникалық қызмет көрсету орталығы ашық жалынмен  өртенiп, жалынның солтүстік жағынан көлік қоятын ғимаратқа, оңтүстік жағынан "Ройал Петрол" жанармай құю бекетіне және нысан аумағында орналасқан авто көлiктерге таралу қаупі туындады. ТҚО-дан шыққан өрттi cөндipуге және жақын тұрған жанар-жағар май бекетiне қызыл жалынның таралуын болдырмау үшiн автоцистерналар гидранттарға орнатылып, өрт оқпандары берiлдi, өрттi cөндipуге 2 әскери учаске құрылды. Кipе берic жолдарды ашу үшiн 109 Құтқару қызметiнiң эвакуаторы жiберiлдi. Алдын ала ақпарат  бойынша орталықта 20-ға жуық автокөлік өртенді", - деп жазылған хабарламада.

Жылу әсерінен тағы 4 темір тұлпар зақымдалды, жақын маңдағы 15 автокөлік эвакуацияланды. Сонымен қатар өрт ошағынан 5 газбаллон шығарылған. 
Техникалық қызмет көрсету орталығының жалпы ауданы 1300 шаршы метр. Ал өрт шамамен 600 шаршы метрді шарпыған.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде тiлсiз жау сағат 23:09-да оқшауланып, 23:47-де сөндipiлдi. Жанар-жағар май бекетiне оттың таралуына жол берiлмедi. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Өрттiң шығу себебi анықталуда", - деп хабарлады департаментте. 

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаменті шаһардағы Техникалық қызмет көрсету орталықтарына өрт қауiпсiздiгi eрежелерiн сақтау маңызды екенін ескертті. Оның ішінде оқыс жағдайларға арналған өрт сөндipy құралдарының  болуы, автокөлiктердi өртке қарсы жолақтармен орналастыру және сүйреуге арналған тростардың болуы сынды талаптар бар. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу