Алматыда техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шықты

1039

Отқа оранған нысанда тұрған Cadillac Escalade маркалы автокөлік жанып кетті. 

Алматыда техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шықты

Сағат 12:30 шамасында Райымбек пен Тілендиев көшелерінің қиылысында орналасқан көлік жөндеу орталығанда өрт шықты.  

"22 қараша сағат 12:36-да өрт сөндірушілер Алатау ауданы, Райымбек көшесі 355 мекен-жайына аттанды. Ол жерде техникалық қызмет көрсету орталығының боксы жанып жатқаны анықталды. Жалын ТҚКО-да тұрған Cadillac Escalade көлігі мен нысанның шатырын шарпыған. Темір тұлпар қайта қалыпқа келтіруге келмейді. ТЖД мамандары тілсіз жауды 12 минуттың ішінде сөндірді. Өрт 120 шаршы метр ауданды қамтыған",– деді ТДЖ баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу