Алматыда тексеріс барысында көтерме базардан 9 делдал анықталды

127

Кешенді жүргізілген мониторинг аясында қалалық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті базардағы көтерме саудамен айналысатын делдалдардың жолын кесті.  

Алматыда тексеріс барысында көтерме базардан 9 делдал анықталды Фото: gov.kz

Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті  Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен, Мемлекеттік кірістер департаментімен, Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен және қала аудандары әкімдерінің аппараттарымен бірлесіп, "Барыс-4" көтерме базарына кезекті мониторинг жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта 9 делдал анықталды.

Сонымен қатар, өңірлік комиссия аясында Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты хронометраждық тексерулер жүргізіп жатыр.

Бұдан бөлек, Департамент тарапынан кәсіпкерлер мен сауда нарығының әкімшілігіне сауда заңнамасының талаптарын түсіндіру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау, сондай-ақ тауарларды нақты рәсімделген және тұтынушыларға қолжетімді түрде орналастырылған баға белгілерімен сату мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу