Алматыда телерадио хабар тарататын мұнара көрікті орынға айналмақ

206

Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.  

Алматыда телерадио хабар тарататын мұнара көрікті орынға айналмақ Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан телерадио хабар тарату мұнарасына сәулеттік жарықтандыру орнатылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңартылған жарық мұнараның айрықша сәулетін айқындап, Алматының кешкі жарық композициясының маңызды нүктелерінің біріне айналады.

     

Жоба аясында мыналар қарастырылған:

  • заманауи жарық түсіргіш құрылғылар орнату;
  • жаңа кабель желілерін жүргізу;
  • жарықты басқару жүйесін енгізу.

Жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жаңаша кейіпке енген телемұнара шаһардың жарық эстетикасын айшықтайтын маңызды элемент болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу