Алматыда теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды

1073

Түрксіб ауданында теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Алматыда теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Локомотив машинисі жағымсыз иіске шағымданған.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұталардың арасынан ер адамның мәйітін тапты. Тексеру кезінде құжаттары да табылды. Ол - 49 жаста. Алдын ала сараптама кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ",- деп хабарлады полициядан.

Өлімнің себебін анықтау үшін ер адамның денесі қалалық мәйітханаға жеткізілді. Онда сот-медициналық сараптама жасалады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу