Алматыда тергеу изоляторының басшысы Мұратжан Кәкімжанов ұсталды. Бұл туралы inbusiness.kz сайтының тілшісі хабарлайды.
"Президентке хат" Telegram арнасында ұлттық қауіпсіздік комитетінің қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс аясында Алматы қалалық тергеу изоляторының бастығын ұстағаны туралы ақпарат жарияланды.
"Аталған факті бойынша құзырлы органдармен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ішкі тексеріс жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу