Алматыда Терренкур маңындағы су қоймасының жоғарғы бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды

"Журналистер"сквері ретке келтірледі. 

Алматыда Терренкур маңындағы су қоймасының жоғарғы бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: yandex.kz

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты. 

Терренкурдағы су қоймасының бір бөлігі жеке меншікте болған еді, бірақ ауданның қоғамдық кеңістігін дамыту аясында әрі тұрғындардың өтініші бойынша мемлекеттік меншікке қайтарылды. Қазір қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Осы жылдың соңына дейін  Терренкур түгел ағымдағы жөндеуден өтеді.

Жалпы, Медеу ауданы тұрғындарының демалатын және серуендейтін орындарды ұйымдастыру үшін тамыз айының соңына дейін ҚР Мемлекеттік музейінің жанындағы скверді реконструкциялауды аяқтау жоспарлануда. Содан кейін шілде айында  Самал-1 ш / а "Журналистер"сквері ретке келтірледі. Оның аяқталу мерзімі- жылдың соңына дейін. Тұрғындардың өтініші бойынша  "Алатау" шағын ауданында  2023 жылдың қыркүйегіне қарай Ибрагимов көшесінде саябақ салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу