Алматыда терроризмді насихаттады деп айыпталған екі шетелдік ұсталды

231

Күдіктілер Қазақстанға биыл келген, тұрақты жұмысы жоқ.  

Алматыда терроризмді насихаттады деп айыпталған екі шетелдік ұсталды Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деп айыпталған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетел азаматын ұстады.  

Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған. 

Қазақстанға биыл келген, тұрақты жұмысы жоқ. 

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу