Алматыдағы Halyk Arena спорттық кешенінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.
"Оқу-жаттығудың мақсаты – халық көп жиналатын жерлерде террористік қауіп туындаған жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын пысықтау мен адам көп жиналатын нысандарда терроризмнің алдын алу жолдарын жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, оқу-жаттығу өтетін кезеңде шектеу шаралары қарастырылатынын хабарлаймыз. Соған байланысты азаматтарды өткізіліп жатқан жаттығу жұмыстарына түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз",– дейді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұдан бөлек полиция департаменті оқу-жаттығу барысында кедергі келтіріп, заңға бағынбау әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын ескертті.