Алматы қаласында деструктивті діни ағымдағы 2 адам терроризм актісіне дайындалды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
"Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды. Көрсетілген адамдарға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды", – делінген баспасөз қызметінің хабарламада.
Қазір тергеу жалғасуда.