Алматыда 60 арт-нысан пайда болмақ. Енді кеміргіштің қатарына құстар мен жорғалаушылардың мүсіндері қосылады, деп хабарлайды КТК.
Қала күніне орай өткізілетін фестивальдің іріктеуіне қазақстандық және шетелдік суретшілердің 500-ден астам жұмысы түскен. Комиссия мүшелері қаланың сәулетіне үндеседі деген 60 өнер туындысын таңдапты. Оның ішінде италиялық суретшілердің ұлу мүсіндері де бар. Шетелдік мүсіншілер Абай және Достық даңғылдарының бойына бас-аяғы 18 жәндіктің пластмасса мүсіндерін орнатады. Сондай-ақ, алдағы уақытта торғай, қолтырауын және суыр да пайда болмақ.
"Мүсіндер мен шағын архитекторлық пішіндер қаланың келбетін одан әрі көркейте түсуге,тұрғындардың көңіл-күйін көтеруге ықпал етеді. Шара көпшіліктің көңілінен шығуға тиіс. Сондай-ақ, біз мәдени пикник өткізбекпіз. Барлық шара қала күніне орай атқарылып жатыр. Сондай-ақ, бетоннан құйылған шәйнек, металл мен қағаздан жасалған түрлі пішінді жылқы және түйелер қала саябақтарына қойылады", дейді мәдениет және мұрағаттар бөлімінің жетекшісі Айнұр Валиева.
Ұлттық дәстүрден сыр шертетін арт-нысандар да бар. Мәселен, бетон домбыра қаланың қақ ортасынан орын тебеді. Ал аты шулы тиіннің мүсініне ресейліктер көз тігіп отыр. Миллиондаған бюджет қаржысына сабаннан тұрғызылған арт-нысанды оларға сатылады ма, сыйға беріледі ме әзірге белгісіз.