Алматыда Тілендиев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды

473

Жабық учаскені Сәтпаев көшесі, Брусиловский көшесі және Абай даңғылы арқылы айналып өтуге болады. 

Алматыда Тілендиев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес орташа жөндеу жоспарына Тілендиев көшесінің Сәтпаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі ұзындығы 1,7 км. шақырым учаскесі енгізілді.

24 тамыз сағ.23:00-ден 25 тамыз 06:00-ге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тілендиев көшесінің бойымен Сәтпаев көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар, делінген Алматы қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу