Алматыда төбелесіп, пышақ ала жүгіргендер іздестіріліп жатыр

118

Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.  

Алматыда төбелесіп, пышақ ала жүгіргендер іздестіріліп жатыр Фото: Видеодан скриншот

Қаланың қақ ортасында болған төбелестің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде кеңінен таралды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бейнежазбада бірнеше адамның бір-біріне жұдырық жұмсағанын көруге болады. Кейін ер адамдардың бірі пышақ шығарып, оны екінші тарапқа ала жүгіреді.

– Қақтығысқа қатысушылардың жеке басы анықталды, оларды ұстау шаралары қабылданып жатыр. Әрқайсысының әрекеттеріне жан-жақты тексеру жүргізіліп, тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады,  – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу