Алматыда төбелескендерді ажыратпақ болған полиция соққыға жығылды

153

Алматыдағы “Театралка” маңында екі топтың жігіттері сөзге келіп, төбелесіп қалды.  

Алматыда төбелескендерді ажыратпақ болған полиция соққыға жығылды Фото: Видеодан скриншот

Жігіттердің жаға ұстасқан сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп жазады inbusiness.kz сайты “Жетінші арнаға” сілтеме жасап.

“Театралкаға” келген қонақтар арасында өзара жанжал шығып, кейін ол жаппай төбелеске ұласқан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оларды ажыратуға тырысқан. Алайда ашуға булыққан бұзақылар полиция қызметкерлеріне де жұдырық жұмсаған.

“Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полициясының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу