Алматыда тойда қонақтарды тонап жүрген ер адам ұсталды

558

Ұрлықтың 40-тан астам эпизодына қатысы бар ұры анықталды.

Алматыда тойда қонақтарды тонап жүрген ер адам ұсталды

Полиция басқармасында хабарлағандай, 31 жастағы О.есімді азамат – сериялық ұры, деп жазады inbusiness.kz. polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– Соңғы жағдайда қаскөй мерекелердің бірінде өнер көрсеткен әртістерді тонап кеткен. Ол киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, олардың ұялы телефондарын жымқырған. Бұл дерек бейнебақылау камераларының объективтеріне түсіп, оның көмегімен қаскөйдің жеке басы анықталды. Ол ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, күдікті бұрын бірнеше рет сотталған. Оның жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу