Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігі үлкен жылдамдықпен жазғы дәмханаға келіп соғылды. Мекемеде әйел болған, ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Полицейлер алдын ала анықтағандай, 24 мамыр күні сағат 19:47-де Төле би көшесімен батыс бағытта, Әуезов көшесінің қиылысында келе жатқан "Toyota Camry" көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде Төле би көшесінің бойымен шығыс бағытта қозғалып келе жатқан "Volkswagen" көлігімен соқтығысқан. "Volkswagen" жүргізушісі көлігін қалдырып, оқиға орнынан қашып кеткен.
"Жол көлік оқиғасы салдарынан "Toyota" автокөлігі инерциямен Төле би көшесінің бойына қарай шығыс бағытта жүрісін жалғастырып, қоғамдық тамақтану орнына келіп соғылған. Жазғы дәмханада бір әйел болған. Ол ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Полиция департаменті.