Бұл туралы Алматы қаласы экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәслихат сессиясында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған жобаны жүзеге асыруға 13,6 млрд теңге қарастырылған. Оның айтуынша, бұл ауданаралық көлік қатынасын жақсартып, іргелес көшелердегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Саин және Оңғарсынова көшелерін ұзарту жұмыстарын аяқтауға да қаржы бөлу көзделген.
Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергеновтің айтуынша, қосымша 1,3 млрд теңге Алатау ауданындағы Ғажайып және Алғабас шағынаудандарында салынып жатқан жаңа мектептерге апаратын жолдың құрылысына жұмсалады.
Осыған дейін Алматы қаласының бюджетін мәслихат депутаттары бекіткенін жазған едік. Отырыста Almaty Business бағдарламасы бекітілді. Жоба қала экономикасын дамытуға бағытталған.