Алматыда төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды

522

Алматыда төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Алматыда төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды

Үш адам терминалды бөлшектеп, бір жарым миллион теңгеден астам "табыс" тапты.

"Төлем құрылғысы Райымбек даңғылындағы дәріханалардың бірінің ішінде орналасқан. Ғимаратқа заңсыз кіру және терминалды бұзу арқылы қаскөйлер, ол жерден 1 миллион 725 мың теңге көлеміндегі ақшаны жасырын жымқырған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар үш азамат ұсталды. Олар 1975, 1986 және 1982 жылы дүниеге келген. Күдіктілер қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалды. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Давлетьяров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу