Алматыда төлем терминалынан ақша ұрланды

534

Күдіктілер ұсталды.

Алматыда төлем терминалынан ақша ұрланды

Үш адам терминалды бөлшектеп, бір жарым миллион теңгеден астам "табыс" тапты, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– Төлем құрылғысы Райымбек даңғылындағы дәріханалардың бірінің ішінде орналасқан. Ғимаратқа заңсыз кіру және терминалды бұзу арқылы қаскөйлер, ол жерден 1 миллион 725 мың теңге көлеміндегі ақшаны жасырын жымқырған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар үш азамат ұсталды. Олар 1975, 1986 және 1982 жылы дүниеге келген. Күдіктілер қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалды. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Давлетьяров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу