Алматыда тонаушылардан тұрмыстық заттар мен қару-жарақ тәркіленді

1183

Күдікті құрылыс дүкенін тонаған.  

Алматыда тонаушылардан тұрмыстық заттар мен қару-жарақ тәркіленді

Алматыда тонаушылардан тұрмыстық заттар мен қару-жарақ арсеналы тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Алатау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері үйді аралау барысында 42 жастағы К. есімді азаматты ұстаған.

"Самғау" шағын ауданындағы тұрғын үйді тексеру кезінде Volkswagen автокөлігінен тонау кезінде ұрланған тауарлар табылды. МЦ 106, К-12 маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 5 қалта пневматикалық патрондар, 5 оптикалық көздеуіш, бір оқ өткізбейтін киім, сапер күрегі мен 6 әскери шалбар белбеуі – қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасау кезінде ұрланған. Құрылыс маркетіне шабуылдаған кезде қаскүнем 3 шөп шабатын құрал, сорғылар, құрылыс кептіргіші, май батареялары және басқа да құрылыс жабдықтарын ұрлаған", – деп жазды ақпарат көзі.

Аталған факті бойынша Алмалы және Әуезов аудандарының Полиция басқармаларында сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу