Алматыда "ТОП-12" турнирі аяқталды

548

Ерлер арасында өскемендік Денис Жолдуев тұғыр биігінен көрінді. Оралдық Айдос Кенжеғұлов күміс жүлдегер атанса, Шымкент қаласының түлегі Бекұлан Жаман қола медальға қол созды. 

Алматыда "ТОП-12" турнирі аяқталды

Алматыда үстел теннисінен ұлттық құрамаға іріктеу аясында "ТОП-12" республикалық турнирі аяқталды, деп жазады Olympic.kz. 

Ерлер арасында өскемендік Денис Жолдуев тұғыр биігінен көрінді. Оралдық Айдос Кенжеғұлов күміс жүлдегер атанса, Шымкент қаласының түлегі Бекұлан Жаман қола медальға қол созды. 

Әйелдер арасында Анастасия Лавроваға тең келер ешкім болған жоқ. Ол финалда қарағандылық Зәуреш Ақашеваны ұтты. Үшінші орын шымкенттік Малика Илхамжанованың еншісінде. 

"Турнир жоғары деңгейде өтті. Алғашқы сегіздіктегі спортшылардың ойыны өте қызық болғанын айта кету керек. Денис Жолдуев өз мықтылығын дәлелдеп келеді. Оның әрбір кездесуі жанкүйерге үлкен әсер сыйлағаны сөзсіз. Ал әйелдер арасында финалдық жұпты құраған Зәуреш Ақашева мен Анастасия Лаврова бір-біріне алдырмайтын үздіктер. Екеуінің арасындағы кездесулер үнемі тартысқа толы болады", - дейді команда бапкері Дмитрий Переверзев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу