5 желтоқсанда Дүниежүзілік топырақ күніне орай, биология ғылымдарының докторы, профессор Фарида Қозыбаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған "топырақты ұрпақтарымызға сақтайық" атты конференция өтеді, деп жазады inbusiness.kz.
Топырақтанушылардың ұсынып отырған және талқылайтын мәселелері алуан түрлі, ауыл шаруашылығын жүргізудің тұрақсыз әдісі, табиғи ресурстарды шамадан тыс пайдалану, топыраққа жүктемені арттыратын халық санының өсуі және бүкіл әлемде топырақтың деградацияға ұшырауы мен тұздануының қауіпті қарқыны мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
Қазіргі уақытта топырақтанушылар топырақты сауатты пайдалану және оларды тиімді қорғау сияқты күрделі мәселелермен айналысады. Болашақта топырақтың жай-күйін болжау да маңызды.
Конференция жұмысына алыс және жақын шетелдердің жетекші ғалымдары мен сарапшылары, түрлі ғылыми мекемелердің, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастық пен қауымдастықтың (одақтардың) өкілдері қатысады.