Алматыда Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты сот отырысы болды

565

“Ұлы дала баласы” билік өкілін қорлады деп айыпталып отыр.  

Алматыда Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты сот отырысы болды Фото: Almaty.tv

Алматының Түрксіб аудандық сотында отандық әнші Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты сот отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Қалалық соттың баспасөз қызметі Т.Әлихановқа қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі (Билік өкілін қорлау) бойынша қаралып жатқанын растады.

Заңға сәйкес билік өкілін қорлағандар 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Айта кету керек, осыған дейін Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу