Алматыда Төрегелді Шарманов атындағы мектеп ашылды

"Денсаулық ғылымдары: әлемдік трендтер мен Қазақстандағы ахуал" тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел барысында Sharmanov School of Health Sciences ашылды.  

Алматыда Төрегелді Шарманов атындағы мектеп ашылды

Ол AlmaU оқу орны қабырғасында орналасқан. ҚР ҰҒА және РМҒА  академигі  Төрегелді Шарманов әлемдік және қазақстандық денсаулық сақтау саласына зор үлес қосты. Аңызға айналған тұлға, Қазақ тағамтану академиясының президенті дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Леон Бернард атындағы медалімен марапатталған.

XXI ғасырда денсаулық жайлы ғылымдар жаңа серпін алуда. Өмір сапасы мен ұзақ жасау, ментальды саулық пен психология, нутрициология мен диетология сияқты өзекті мәселелер терең ғылыми зерттеулерге арқау болып қана қоймай халық арасында қызығушылық туғызды. Дөңгелек үстел барысында халықаралық трендтер, денсаулық жайлы ғылымдардың болашағы, даму перспективасы, сондай-ақ ментальды, корпоративті саулықтың мәселелері және қазіргі заманғы адамның өнімділігін арттыру механизмдері талқыланды.

Жиынға Литва мен Ресейден келген танымал ғалымдар қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу