Алматыда төрт қабатты бизнес орталық сүріледі

370

Нысан жобасына сараптама жасалмаған.

Алматыда төрт қабатты бизнес орталық сүріледі Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда төрт қабатты әкімшілік үй сот шешімімен сүріліп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бизнес-орталық Экспериментальная көшесінен солтүстікке, Қожанов көшесінен шығысқа қарай орналасқан. Көптеген заңбұзушылыққа байланысты оны сүру жөнінде шешім қабылданды.

Нысан жобасына сараптама жасалмаған, бұған қоса бекітілген бас жоспардан ауытқығаны анықталған.

Талап арыз алғаш рет Бостандық аудандық сотына 2020 жылғы 6 наурызда түскен.

"Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды, алайда апелляциялық шағымдар мен істің жаңа мән-жайларына байланысты нысан бойынша сот өндірісі үш жылдан астам уақыт бойы жүрді", - делінген әкімдік хабарламасында.

2021 жылғы 13 мамырда мемлекеттік сот орындаушысы меншік иесіне сот шешімін ерікті түрде орындау жөнінде хабарлама жіберген, алайда меншік иесі жер телімін сатып жіберген, осыған байланысты шешім орындалмай қайтарылған.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау департаменті жер телімін сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызға бастамашы болған.

2022 жылғы 27 қаңтардағы сот шешімімен мәміле жарамсыз деп танылып, Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен шешім өзгеріссіз қалдырылыпты.

Ғимаратты бұзу күні белгіленгеннен кейін сот орындаушысының әрекетіне шағым жасалып, үшінші тұлға Алматы қалалық сотына сүру жөніндегі шешімге апелляциялық шағым түсірді. Алматы қалалық сотының шешімімен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды, бірақ одан кейін ол Жоғарғы сотта қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу