Алматыда төрт шетел азаматы ұсталды

279

Олар шекараны заңсыз кесіп өтпек болған.

Алматыда төрт шетел азаматы ұсталды Фото: Рolisia.kz

Алматыда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған төрт пәкістандық ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

30 қазанда Алматының көші-қон қызметінің қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД әріптестерімен бірлесіп, Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз өтіп кеткен Пәкістан Ислам Республикасының төрт азаматын ұстады.

"Олар ҚР ҚК-нің 392-бабында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) көзделген қылмысты жасаған", делінген хабарламада.

Полицейлер қалаға келген шетелдіктер хостелге орналасқанын анықтады.

Пәкістан азаматтарының алдағы жоспары мен қылмыстың себептері тергеу барысында белгілі болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу