Алматыда төрт жаңа метро бекеті салынады

1102

Бақытжан Сағынтаев метроға қатысты жоспарлармен бөлісті .  

Алматыда төрт жаңа метро бекеті салынады

Бүгін Алматы әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде соңғы он айдағы шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Бұл ретте мегаполис басшысы жаңа метро станцияарының құрылысы туралы да сөз қозғады. 

"Бюджетті нақтылау барысында метро құрылысына сәл көбірек ақша бөлінді. Біз соңына дейін барамыз. Әлі төрт метро бекетін салуды жоспарлап отырмыз. Олардың екеуінің құрылысына қаржы бөлініп қойды",– деді Бақытжан Сағынтаев. 

Естеріңізге сала кетсек, жуырда ғана "Алматыметроқұрылыс" директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов екі қылмыстық іс бойынша күдікке ілігіп, тұтқындалған болатын. Қала басшысының сөзінше, жаңа екі метро бекетінің құрылыс жұмыстары жалғаса береді. Бұл ретте  Бақытжан Сағынтаев Алматы метросы бюджет қаражатына салынып жатқанын ескертті. 

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитеті "Сарыарқа" мен "Достық" бекеттірінің құрылысын 2021 жылы аяқтау жоспарланғанын хабарлаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу