Алматыда Наурызбай ауданының тұрғындары көшіріліп жатыр

3858

Қарғалы өзені тасып, балшық пен тас араласқан сел тау етегіндегі бірнеше елдімекенге қауіп төндіруде.

Алматыда Наурызбай ауданының тұрғындары көшіріліп жатыр

Алматыда төтенше жағдай! Қарғалы өзені тасып, балшық пен тас араласқан сел тау етегіндегі бірнеше елдімекенге қауіп төндіруде, деп хабарлайды Atameken Business.

Осыған орай төтеншеліктер тасқын туралы дабылды ескерту жасап, алматылықтарды эвакуациялап жатыр. Аудан тұрғындарына өздерімен бірге  құжаттарын алып шығуға кеңес берілуде. Қазір жарық пен газ өшірілген.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінен хабарланғандай, Қарағалы өзенінің жағалауында сел жүру қаупі сақталып отыр. Бөгетке жеткен тасқын арнасынан асуға жақындап қалды. Әкімдіктегілер бұл ақпаратты растап отыр.

Еске салсақ, осыдан 4 жыл бұрын да дәл осы өзен арнасының аймағы қауіп төндірген болатын. 2015 жылы 23 шілдеде түнде өзен тасып, сел жүрген. Ресми мәліметтер бойынша, үш ауданының аумағын қамтыған тасқыннан Наурызбай ауданы көбірек зардап шеккен. Ал апат аймағынан 200-ден аса адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу