Алматыда төтенше жағдай туралы жедел хабарлауға арналған қосымша іске қосылды

1022

Қосымша бірнеше секундтың ішінде Алматы қаласының маңайында орын алған төтенше жағдайлар /дауылды ескерту, жер сілкіну және т.б./ туралы халықты хабардар етуге мүмкіндік береді.

Алматыда төтенше жағдай туралы жедел хабарлауға арналған қосымша іске қосылды

Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Жоба Smart Almaty концепциясын іске асыру аясында Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласының даму орталығы және қазақстандық әзірлеуші- компания "I2NIK" ЖШС-і арқылы іске асырылған.

Мобильді қосымшаны ОС Android және IOS базасында смартфон мен планшетке мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге болады, қазіргі уақытта қосымшаны 2000 желі пайдаланушысы жүктепті.

"Darmen" қосымшасын өңдеу үшін Жапония мен АҚШ-ың ұялы қосымшалар арқылы халықты  хабарлау тәжірибесі қолданылды. Қосымша бірнеше секундтың ішінде Алматы қаласының маңайында орын алған төтенше жағдайлардың /дауылды ескерту, жер сілкіну және т.б./ туындау қаупі мен пайда болуы туралы халықты хабардар етуге мүмкіндік береді.

Аталған қосымшаны дүкендерден App Store, PIay Market мобильді телефондар қосымшасы үшін "Darmen" деген атпен жүктеуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу