Алматыда тозығы жеткен үйлер қала бюджеті есебінен сүріледі

629

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы апатты жағдайдағы үйлерді бұзудың жаңа бағдарламасы әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда тозығы жеткен үйлер қала бюджеті есебінен сүріледі

Райымбек даңғылындағы тозығы жеткен 347-үйдегі үйдің тұрғындары әкімнен оларды басқа жаққа көшіру үшін қаржы бөлуді сұрады.

Қала басшысы бұл мақсатқа биыл қаржы қарастырылмағанын, ал егер мүмкіндік болса бюджет бөлуге уәде берді.  

"Енді осы бағдарламаны жергілікті бюджет есебінен жандандыру мәселесі тұр. Қазір біз ауыр жағдайларды, яғни адамдардың тұруы мүмкін емес үйлерді қарастырып жатырмыз. Мүмкіндік болса қаражат бөлеміз. Тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын қоныстандыруды өз мойнына алу үшін мердігерлермен келіссөз жүргізіп жатырмыз", – деді Ерболат Досаев. 

Мегаполис басшысы жаңа бағдарламаны күзде аяқтауды жоспарлап отырғандарын атап өтті.  

"Осы бағдарлама бойынша біз әр ауданда қай жерде ескі үйлер бұзылатынын және қай уақытта адамдарды басқа жерге көшіретінімізді анықтаймыз", – деп қосты әкім. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу