Алматыда трамвай депосының орнына жастар орталығы салынады

923

Онда арт-шеберханалар мен зертханалар, оқу сыныптары, қолөнер студиялары, көркемөнер студиялары, балалар орталығын ашу жоспарлануда.

Алматыда трамвай депосының орнына жастар орталығы салынады

Бұл туралы Алматы қаласы Жемқорлыққа қарсы күрес жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшесі Ерлан Қуаныш мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

"Тұжырымдамаға сәйкес, бұл нысанда арт шеберлік сыныптары, зертханалар, оқу залдары, шоурумдар, кино дәрісхана залдары, көркемөнер студиясы, кітапхана, коворкинг ашылады. Одан бөлек қажетті инфрақұрылым экстрим паркі, өнер паркі, воркаут, спорт алаңдары ашылады", – деді Ерлан Қуаныш. 

Айта кету керек, былтыр ақпанда Depo Evolution Park құрылыс жұмыстары тоқтаған болатын. Одан кейін желіде депо орнында қонақүй салынады деген ақпарат тараған еді. Алайда бұл деректі әкімдік жоққа шығарды. 

"Трамвай депосының орнына қонақ үй, тұрғын үй, мейрамханалар салынбайды. Бұрынғы депо аумағында қазір Depo Evolution Park Жастар орталығы салынуда", - деді әкімдікте.

Орталық құрылысын 2021 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Жоба құны - 2,5 млрд теңге. 

Еске сала кетсек, 2015 жылдың күзінде трамвай депосының жұмысы тоқтатылған еді. Бұл шешім трамвайлардың қатысуымен болған екі үлкен жол апатынан кейін қабылданды. 

Құралай Құдайберген

Фото: iDrive.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу