Алматыда тұманның кесірінен көптеген әуе рейсі кешеуілдеп жатыр

1236

Алматыда тұманның кесірінен көптеген әуе рейсі кешеуілдеп жатыр

Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс тұманға байланысты кешігуге мәжбүр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат". 

Онлайн-таблода Алматыдан Павлодарға ұшатын Air Astana әуе компаниясының KC307 рейсі, Астанаға ұшатын Air Astana компаниясының KC851 рейсі, Өскеменге ұшатын Scat Airlines DV725 рейсі кешігетінін көруге болады. Ақтауға ұшатын Air Astana KC857 рейсі тоқтатылды. Алматыға Семейден келетін Scat Airlines DV736, Шымкенттен Scat Airlines DV705, Астанадан Scat Airlines DV704, Шымкенттен Air Astana KC972, Ақтаудан Scat Airlines DV732, Қызылордадан Air Astana KC976, Өскеменнен Scat Airlines DV726, Павлодардан Air Astana KC308, Астанадан Air Astana KC852, Семейден Qazaq Air IQ364 және екі халықаралық Нью-Делиден Air Astana KC908 пен Дубайдан келетін Air Astana KC896 рейстері кешігіп жатыр. Ақтаудан келетін Air Astana әуе компаниясының KC858 рейсі тоқтатылды. Алматыда қазір тұман және және ауа температурасы +5 градусты көрсетіп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу