Алматыда тұмауға қарсы вакцинаға сұраныс артқан

462

Өткен жылы 100 мың доза сатып алынса, биыл 130 мың доза қазанда бітіп қалған.  

Алматыда тұмауға қарсы вакцинаға сұраныс артқан

Алматы қаласының Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзінше, шаһарда тұмауға қарсы вакцина салғызуға ниеттілер саны артқан. Бұған статистикалық деректер дәлел. 

"Қазіргі кезде барық вакцина салынды. Сұраныс жоғары. Егер өткен жылы 100 мың доза вакцина 1 желтоқсанда бітсе, биыл қазаның алғашқы күндері 130 мың доза вакцина салынды. Біз бұл жұмыстарды жалғастырамыз. Себебі екпе тұмауды алдын алудың ең тиімді тәсілі болып есептеледі", – деді Жандарбек Бекшин.

Қаланың Бас санитар дәрігері қоймаға қосымша 56 мың доза түскенін хабарлады. Жалпы мегаполиске тағы қосымша 300 мың доза вакцина жеткізіледі деп күтілуде. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу