Оқиға "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталған.
Алматы көшелерінде жол ережесін өрескел бұзған тағы бір топ жүргізуші ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі уақытта Әл-Фараби даңғылында бірнеше автокөлік өзара жарыс ұйымдастырған. Жүргізушілер жолақтарды күрт ауыстырып, жылдамдықты асырған әрі басқа көлік қатысушыларына қауіп төндірген.
Жедел әрекет ету нәтижесінде тәртіп сақшылары барлық көлікті тоқтатып, жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды. Олардың әрекеті қауіпті маневр жасау және апаттық жағдай туындату ретінде бағаланған. Көліктер арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.
Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев агрессивті жүргізу – қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтарға жол берілмейді және олар қатаң бақылауда болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу