Алматыда түнгі уақытта атыс даусы естілді

473

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілген. 

Алматыда түнгі уақытта атыс даусы естілді Фото: Бейнежазбадан

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл туралы хабарлама "102" нөмеріне келіп түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Тексеру барысында күдік тудырған автокөлік тоқтатылып, оның жүксалғышынан сыртқы белгілері бойынша тапаншаға ұқсас зат және оған арналған оқ-дәрілер табылды. Көлік иесінің айтуынша, аталған құрылғы белгі беру мақсатындағы құрал болып табылады және қаңғыбас жануарларды үркіту үшін пайдаланылған, – деп хабарлады полициядан.

Сондай-ақ оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, табылған зат пен оқ-дәрілер тәркіленген. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу