Алматыда түні бойы қар тазалау жұмыстары жүргізілді

588

Алматыда 16 қараша күнгі сағ. 17.00-де жауа бастаған қар 17 қараша сағ. 04.20 шамасында тоқтады. Осы аралықта қалада 4-5 см, таулы аудандарда 8-10 см дейін қар түскен. 

Алматыда түні бойы қар тазалау жұмыстары жүргізілді

Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа бастағаннан жолдарға, қиылыстарға, жол айрықтарға таюға қарсы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары жүргізілді. 

Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын қадағалау бойынша тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды. 

Түнгі уақытта 498 бірлік техника, оның ішінде 155 құм себу көлігі, 490 жұмысшы жұмылдырылды. 17 қараша күні 549 техника мен 1298  жұмысшы жол тазалауда. 

17 қараша күнгі сағ. 06.00-ге дейін 5272 тонна таюға қарсы материал пайдаланылды. 

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ "қалташаларын", саябақтар мен скверлерді тазалау жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу