Алматыда тұрақты даму бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын ашу ұсынылды

530

2023 жылғы 29-30 наурызда Швейцарияда БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы аймағындағы орнықты даму жөніндегі өңірлік форум өтті. 

Алматыда тұрақты даму бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын ашу ұсынылды Фото: el.kz

Іс-шараға Қазақстан атынан Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков және ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова қатысты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Вице-министр форум қатысушыларына Тұрақты даму мақсаттарын ұлттық және өңірлік деңгейде ілгерілету бойынша ҚР Үкіметінің жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.

"Өз сөзінде вице-министр Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын ашу жөніндегі бастаманы ілгерілету туралы хабардар етті", - делінген Ұлттық экономика министрлігі таратқан  хабарламада.

Сонымен қатар, Б.Омарбеков Қазақстандағы агломерацияларды, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту жоспарлары және 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы туралы айтып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу