Алматыда тұрақты түрде пәтер тонап келген қылмыстық топтың мүшелері құрықталды

446

Ұсталғандардың үшеуі де – Алматы облысының тұрғындары 

Алматыда тұрақты түрде пәтер тонап келген қылмыстық топтың мүшелері құрықталды

Алматылық полицейлер Бостандық ауданында арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні ұстады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Ұсталғандардың үшеуі де – Алматы облысының тұрғындары. Олардың екеуі бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. Күдіктілер осыдан бір күн бұрын Қабанбай батыр көшесінде орналасқан пәтерлердің біріне ұрлыққа түскеннен кейін құрықталды. Олар ақша мен құнды мүліктерді алып кеткен. Ұрланған заттар тәркіленді, қаскөйлер оларды сатып үлгермеген. Қазір аталған азаматтардың Алматы қаласының аумағында жасалған 11 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Сонымен қатар біздің ақпаратымыз бойынша оларды Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларындағы әріптестеріміз  аталған қалаларда бірнеше пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздеуде, – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу