Алматы тұрғыны 3-қабатқа өз бетінше терраса соғып алған

651

Пәтер иесінің ешқандай құжаты болмаған.

Алматы тұрғыны 3-қабатқа өз бетінше терраса соғып алған Фото: t.me/almaty_akimat

Алматыда "Хан Тәңірі" тұрғын үй кешеніндегі қосалқы құрылыс сот шешімімен сүріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеріс барысында құрылыстың заңсыз салынғаны анықталды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлады. 

"Алматыда Кенесары хан көшесі, 54/33 үй мекенжайындағы тұрғын үй кешенінің үшінші қабатындағы террасада заңсыз салынған құрылыс сот шешімімен бұзылуда", – делінген хабарламада. 

Пәтер иесі ешқандай рұқсат құжаттарынсыз бір қабатты қосымша құрылыс салып алған. Осылайша тұрғын үй аумағын айтарлықтай ұлғайтқан. Бұл жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында анықталды. Нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Бірақ талап орындалмаған. Сондықтан 2024 жылғы 26 тамызда басқарма Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз берген.

2025 жылғы 5 қаңтарда сот басқарманың талаптарын қанағаттандырған. Кешеден бастап Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен "Хан Тәңірі" тұрғын үй кешеніндегі нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу