Алматының Бостандық ауданында тұрғын үй кешенінің паркингінде электр кабелі өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Абай даңғылы бойындағы 16 қабатты үйдің паркингінде болған. Өрт 5 шаршы метр аумақты қамтыған.
Хабарлама түскеннен кейін бес минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жетіп, құтқарушылар баспалдақ арқылы 100-ге жуық тұрғынды, оның ішінде 19 баланы қауіпсіз жерге шығарды.
Өрт қысқа уақытта сөндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу