Алматыда тұрғын үй кешенінің жерасты көлік тұрағынан өрт шықты

1148

Оқиға салдарынан тұрақта тұрған 2 көлік жанып кетті. 

Алматыда тұрғын үй кешенінің жерасты көлік тұрағынан өрт шықты

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше оқыс оқиға 11 наурыз таңғы сағат 06:23-де орын алған, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"Өрт сөндірушілер Брусиловский көшесі 167 үй, яғни,  "Алтын бұлақ" тұрғын үй кешеніне шақыртуға шықты. Келген сәтте барлау барысында тұрғын үй кешенінің көлік тұрағынан қатты түтін шығып жатқаны белгілі болды. Өрт ошағын анықтау үшін өрт сөндірушілер тепловизорды қолданып, оның көмегімен 2 автокөліктің ашық жалынмен жанып тұрғаны байды. Өрттің жақын тұрған автокөліктерге таралу қаупі туындады. Жанып жатқан көліктерді сөндіру үшін жерасты паркингінде газ-түтіннен қорғау қызметінің екі буыны жұмылдырылды. Түтіннің шоғырлануын азайту үшін түтін шығаратын арнайы машина жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 06:58-де оқшауланды", – деп хабарлады ТЖД. 

Тілсіз жаудың жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған.  Таңғы сағат 07:09-да жалын толықтай сөндірілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің жақын орналасқан көліктерге таралуына жол берілген жоқ. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 18 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу